Ұлттық қауіпсіздік комитеті ресейлік серіктестермен өзара әрекеттесе отырып, «Солтүстік бағыт» деп аталатын ауған есірткі контрабандасы арнасын жойды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Комитет мәліметінше, биыл тамыздағы операция қорытындысы бойынша Ресейдің шекаралас аудандарының бірінде есірткі саудасын жүргізу кезінде халықаралық есірткі тобының екі қатысушысы ұсталды.
«Тінту барысында олардан «қара» нарықтағы құны шамамен 500 мың АҚШ долларын құрауы мүмкін 50 кг-ға жуық гашиш алынды. Осы факті бойынша тергеу жүргізіліп жатыр», — деп жазылған хабарламада.
Шет елдердің құзыретті органдарымен бірлескен халықаралық есірткі трафигіне қарсы іс-шаралар жалғасып жатқаны белгілі болды.