Әзербайжанның Төтенше жағдайлар министрлігі Ақтаудағы ұшақ апатынан аман қалған стюардесса Айдана Рагимлидің суреті мен видеосын жариялады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Ол Маңғыстау облыстық ауруханасында жатыр. Стюардесса делегацияны көргенде, көз жасын тоқтата алмаған.
Айдана — Бакуден Грозныйға ұшқан, бірақ Ақтауға үш шақырым жерде құлаған Azerbaijan Airlines әуекомпаниясының апатқа ұшыраған ұшағында болғандардың бірі. Стюардессадан бөлек тағы бір экипаж мүшесі аман қалды.
Айта кетейік, 25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Алдын ала ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің кейінгі мәліметі бойынша аман қалған 29 адам бар, оның ішінде 2-еуі — бала, олар ауруханаға жеткізілді.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.