Қазақстан қор биржасындағы (KASE) соңғы сауда-саттық қорытындысы бойынша АҚШ долларының бағамы 487,44 теңгені құрады деп жазады Ertenmedia.kz.
Ұлттық банк белгілеген ресми бағам да дәл осы 487,44 теңге деңгейінде бекітілді.
Елдегі айырбастау пункттеріндегі ағымдағы жағдай мынадай:
Алматы: сатып алу – 484–490 теңге, сату – 490–494 теңге аралығында;
Астана: сатып алу – 484–485 теңге, сату – 491–492 теңге аралығында;
Шымкент: сатып алу – 489–489,5 теңге, сату – 491–492,5 теңге шамасында.
Екінші деңгейлі банктердегі (Kaspi, Halyk, ЦКБ, Jusan) долларды сатудың ең жоғары шегі 489–496,12 теңге аралығында құбылып тұр.
Айта кетелік, күні кеше бас банкир Тимур Сүлейменов пайыздық мөлшерлемені бір сатыға төмендетіп, артынша маңызды мәлімдеме жасаған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







