Танымал қазақстандық боксшы Жанқош Тұраров өзіне қатысты тарап жатқан айыптауларға жауап берді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында өзіне тағылған айыптың шындыққа жанаспайтынын мәлімдеді.
«Үш қыздың әкесімін! Менің жағдайым төсектес қыз керек болса, зорлықсыз-ақ келетіндей деңгейде. Мұндай жаланың қайдан шыққанын өзім де түсінбеймін. Қазір мән-жайды анықтап, жаланы кімнің және қандай мақсатпен ұйымдастырғанын нақтылайтын боламын», – деді Жанқош Тұраров.
Еске салсақ, бұған дейін БАҚ пен әлеуметтік желілерде танымал боксшы Жанқош Тұраровқа «қыз зорлады» деген айып тағылып жатқаны туралы ақпарат тараған болатын. Алматы полициясы бұл ақпаратқа қатысты пікір білдіріп, Әуезов ауданының полиция басқармасы қылмыстық іс қозғағанын растады.
«Қазіргі уақытта сот-медициналық сараптама тағайындалып, оқиғаның мән-жайын жан-жақты зерттеу бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр», – делінген полиция хабарламасында.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







