Белгілі журналист Денис Кривошеев атышулы Александр Машкевичтің ел білмейтін көлеңкелі тұстарын ашық жазды деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Кривошеевтің айтуынша, Машкевичтің билік баспалдағындағы басты құралы – қыз-келіншектер болған.
«Оның саяси элитаға жол ашуда қолданған ерекше тәсілі әйелдердің тәні еді. 2000 жылдардың басында Алматыда оның қарамағында кемінде екі модельдік агенттік жұмыс істеген. Осы агенттіктер арқылы оған күн сайын жаңа қыздар жеткізіліп отырды. Машкевич билік дәлізіне апарар жолдың төсектен басталатынын жақсы білді және бұл жолды өзі де белсенді пайдаланды», – деп ашық жазды журналист.
Журналист Машкевичпен алғаш танысқан сәттен-ақ оның әрекеттерін жақтырмағанын айтады. Жалпы, еврей қауымдастығы ішіндегі оның тобымен де ара-қатынасы жақсы болмаған.
«Бірде Алматыға ашкеназдар бағытының бас раввині, есімі қателеспесем Дорон болатын соны алып келді. Ол кезде мен «Мегаполис» газетінде жұмыс істейтінмін. Осы оқиға туралы, әсіресе Машкевичтің дипломатиялық этиканы өрескел бұзғаны жөнінде өткір мақала жарияладым. Өйткені мұндай деңгейдегі діни жетекшілерді шақыру тек мемлекет басшысының құқығы болатын, ал Машкевич осы мәртебені жеке мүддесіне пайдаланды», – дейді журналист.
Үрейі ұшқан Байтасов
Осы мақаладан кейін Кривошеевті жұмыстан шығаруға тырысқан. Алайда Байтасов араша түскен көрінеді: «Сен өзіңе жау тауып алдың, бұл мақалаға Астанадан да реакция келді», – деген еді ол сонда.
Кривошеевтің айтуынша, Машкевич өте ықпалды, ақылды әрі білімді болғанымен, сол қасиеттерін аса қатыгездікпен, ешқандай моральдық қағидасыз пайдаланған.
«Мен оның «Черные» деп аталатын топтармен байланысын, қысымға алған адамдарын жақсы білемін. Ол қатал, принципсіз әрі білімді еді. Дегенмен, талғамы жоқ, үнемі сырт көзге әсер қалдыруды ғана көздейтін. Киім киісі Коньково базарының сатушысы сияқты еді: Лоро Пьянадан ақ былғары күрте, Том Фордтан жылтырақ костюм киіп, арзан көрініс жасағысы келетін. Бірақ Қазақстан саясаткерлерін тиімді пайдаланып, солардың ақшасына шетелдік саясаткерлердің ықпалын сатып алды», – дейді ол.
Автордың пікірінше, атышулы «Қазақгейт» ісі де, Қазақстанның АҚШ пен Еуропадағы беделіне қатысты ірі дау-дамайлар да дәл осы Машкевич араласқан еврей диаспорасының үлкен ықпалымен тығыз байланысты.
«Ол шалқып өмір сүрді, өзін де, айналасындағыларды да байытты. Бірақ соңында бізге банкрот компания мен 8 миллиард доллардан асатын қарыз қалдырып кетті. Бұл ақшаны қайтару енді мүмкін емес, бәрі жоғалды. Машкевич артында мұра қалдырса да, идея қалдыра алмады», – деп түйіндеді Денис Кривошеев.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







