«Рэкетир« фильмі арқылы танылған актер Мұрат Бисембин қатерлі ісікке шалдыққан, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Актерге қойылған ауыр диагноз туралы оның өнердегі әріптесі, досы Саят Исембаев әлеуметтік желіде айтты. Оның сөзінше, Мұрат Бисембинге емделуге қаржылай көмек қажет.
Мұрат Бисембин қазір ем алып жатқаны да белгілі болды.
Айта кетейік, Мұрат Бисембин 1972 жылы 11 қазанда дүниеге келген. Актер үйленген, үш бала тәрбиелеп отыр.
Кино әлемінде оған «Рэкетир»фильміндегі рөлі ерекше танымалдылық әкелді. Оған қоса «Томирис», «Сіз кімсіз, Ка мырза?», т.с.с. фильмдердегі рөлімен жұлдызы жанды.