Ресейдің Украинамен соғысында 3 мыңға жуық қазақ қаза тапты, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Orda.kz мәліметінше, қыркүйекте Украинадағы соғыста Батыс Қазақстан облысының екі тұрғынының қаза тапқаны туралы ақпарат пайда болған. Бірінің аты-жөнін жарияланбаған, екіншісі Айбек Рамазанов екені белгілі болды.
«Заңды түрде олар қайтыс болған кезде Ресей төлқұжаттарын алғандықтан Қазақстан азаматы болып саналмайды. Бұл олардың Украинамен соғыста қаза тапқан үш мыңға жуық орыс этникалық қазақтарының тізіміне шартты түрде қосылғанын білдіреді», — деп жазылған басылым дерегінде.
Ақпараттың анық-қанығын басылымға сол тізімдегі еріктілердің бірі айтып берген. Алайда өзінің аты-жөнін жарияламауды өтінген.
Соғыс басталғаннан бері ол Ресей мемлекетінің аз ұлт өкілдерінің: буряттардың, тувалардың, қалмақтардың өлімі туралы көптеген мәліметтерді кездестіре бастаған. Ол соғыста қаза болғаны туралы хабарларда алаңдатарлық жүйелілікпен көріне бастаған қазақтарға назар аударған.
«Біраз уақыттан кейін өлгендер мен хабарсыз кеткендерді өз бетімше санай бастадым. Тізімде жүздеген этникалық қазақтар бар еді, қазір 3000-ға жуық есім бар», — дейді Әлихан (есімі өзгертілген).
Бүгінде соғыс басталғанына екі жарым жыл өтті және де этникалық қазақтар арасындағы шығынды Әлихан жалғыз өзі есептемейді. Мұны өздері туралы ақпаратты жарияламайтын халықаралық еріктілер тобы жасайды. Олар тек ашық дереккөздерді зерттейді.
«Маған Қазақстандағы жерлестеріміз, Ресейден келген туыстарымыз, ең қызығы, орыс патриоттары, сондай-ақ украиналық достарымыз көмектесе бастады», — дейді Әлихан.
Әлихан қаза болған қазақтар туралы статистикалық мәліметтерді, оның ішінде аймақтар бойынша аты-жөндерінің тізімін мезгіл сайын жариялап отырады. Шілдеде ол 2000-ға жуық өлі және 5000-ға жуық мүгедек деп жазған. Ал екі жарым айдан кейін қайтыс болғандар саны 3000-ға жуықтаған.
Айта кетейік, 2020 жылғы халық санағы мәліметі бойынша Ресейде 591 мың қазақ тұрады.