Жемқорларды ұстап берген тұрғын 4 млн 400 мың теңге сыйақы алған. Бұрын-соңды мұндай соманы ешкім алмаған, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Квазимемлекеттік компанияға жұмысқа тұруға ақша сұрағандарды құрықтауға көмектескен Астана тұрғынының аты-жөні құпия сақталмақ. Негізі жемқорлық туралы хабар берген азаматтарға қылмыскер ұсталған кездегі айыбы сотта дәлелденса ғана параның 10 пайызы беріледі.
«Алайда бұл сома 15 млн теңгеден асып кетпеуі керек» — дейді Агенттік өкілі.
«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет ақпарат берушілердің толық құпиялылығын қамтиды. Сыбайлас жемқорлық туралы хабарлаған адамға қатысты құпия ақпаратты жария еткен жағдайда қылмыстық жауапкершілік қарастырылған», — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Биғайдаров.