Шетелден 7 айлық бала табылып, Қазақстанға қайтарылды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитеті мәліметінше, 7 айлық Қазақстан азаматы Ресей Федерациясынан елге қайтарылған. Келген бойда бүлдіршін балалар ауруханасына қаралып, тексерілу үшін жатқызылды.
Қазіргі уақытта оның жағдайы тұрақты. Медициналық шаралар аяқталған соң нәресте «Балалар үйі» КММ-не жіберіледі. Баланы алып келу процесіне әдіскер-қамқоршы және анестезиолог-реаниматолог қатысты.
«Біз үшін әрбір баланың қандай жағдай болмасын, қажетті қолдау алуы маңызды. Сондай-ақ, еліміздің әрбір азаматына барынша қамқорлық көрсетіп, қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысудамыз. Тиісті органдар мен мамандар кішкентай нәрестені елге қайтару үшін орасан зор жұмыс атқарды. Осы жақта оның өсіп-жетілуі үшін білікті мамандар қолдан келгеннің бәрін жасайды», — деп атап өтті ҚР Оқу-ағарту министрлігі Балалардың құқықтарын қорғау комитетінің төрайымы Насымжан Оспанова.