Талғар әкімдігінде қызметтік өзгерістер жалғасып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Талғар ауданы әкімі аппаратының басшысы Аслан Қасымбаев қызметінен босатылды.
«Талғар ауданының әкімі Таңат Есенкелдіұлы Айдарбеков пен оның орынбасары Айбек Бидаев сөгіс түріндегі тәртіптік жауапкершілікке тартылды», — делінген хабарламада.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗЖастарға үлгі болған қадам: Run club мүшелері азаматтық белсенділік танытты«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушыҚазақстан жаңа стандарт қалыптастырып отыр: Армениядан келген халықаралық бақылаушылар дауыс беру барысын жоғары бағалады
Айта кетейік, бұған дейін Талғар қаласының әкімі Бахыт Қуатбекұлы Күрішбеков, Талғар қаласы әкімінің орынбасары Матан Сағындық өз міндеттерін тиісті деңгейде атқармағаны үшін лауазымдарынан босатылды.
Еске салайық, бұған дейін Талғардағы оқиға салдарынан 16 жастағы жасөспірім көз жұмды. Жанжал жігіттің отбасы жалға алатын дүкеннен басталған.
Кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Алматы облысының полиция департаменті қылмыстық іс қозғады.
Сонымен қатар, Алматы облыстық полиция департаменті бастығының міндетін атқарушы Шалқаров төбелестен кейін қанша қару тәркіленгенін айтты.
«Қазіргі таңда үш пышақ тәркіленді. Оның екеуі ас үй пышағы. Сондай-ақ бір мылтық бар. Қару ешқайда тіркелмеген. Департамент оны сараптамадан өткізіп жатыр», — дейді Серік Шалқаров.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







