Әзербайжан мен Ресей Ақтаудағы ұшақ апатын тергеуге қатысады. Дегенмен бір нюанс бар. Қазақстан премьер-министрінің орынбасары Қанат Бозымбаевтың айтуынша, оқиғаны криминалистикалық тергеуге бұл елдердің мамандары қатыспайды, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Вице-премьер оқиғаға қатысты кейінгі деректерді айтты.
«Ресей мен Әзербайжанның құқық қорғау органдары криминалистикалық тергеуге жіберілмейді (Қазақстан Республикасы Қылмыстық іс жүргізу кодексінің 566-бабына сәйкес), бірақ ұшақ апатын тергеуге жіберіледі», — деді Қанат Бозымбаев.
25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Қазақстанның Төтенше жағдайлар министрлігінің кейінгі мәліметі бойынша аман қалған 29 адам бар, оның ішінде 2-еуі — бала, олар ауруханаға жеткізілді.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.