Росавиация Актау қаласында құлаған Azerbaijan Airlines ұшағы туралы мәлімдеме жасады, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz.
Росавиация басшысы Дмитрий Ядров Актау маңында апатқа ұшыраған ұшақ «Ковер» режиміне байланысты жоспарланғандай Грозныйға қона алмағанын мәлімдеді.
Сондай-ақ, ол Грозный әуежайында қалың тұман болғанын айтты.
«500 метр биіктікте ештеңе көрінбеген. Ұшақ командирі Грозныйға қонуға екі рет әрекет жасады, бірақ олар сәтсіз аяқталды», – деді Росация басшысы.
Оның айтуынша, бұдан кейін «ұшақ командиріне басқа әуежайларға қону ұсынылды, алайда ол Ақтауға бет алуды жөн көрген».
Дмитрий Ядров Қазақстан мен Әзербайжанға ұшақ апатын тергеуде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін айтты.
25 желтоқсанда жергілікті уақыт бойынша 11.30-да Ақтау маңында Бакуден Грозныйға ұшып бара жатқан ұшақ апатқа ұшырады. Бұл — Azerbaijan Airlines әуекомпаниясына тиесілі Эмбраер 190 ұшағы. Ақпарат бойынша ұшақ бортында 67 адам, оның ішінде 5 экипаж мүшесі болған. Жолаушылар рейсі қатты тұманға байланысты Грозныйға қона алмаған, алдымен Махачкалаға, содан кейін Ақтауға бағытталған.
Апаттан 6 қазақстандық көз жұмды.