TikTok-та желі қолданушыларының бірінің видеосы қызу талқыланып жатыр, — деп хабарлайды ErtenMedia.kz stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Ол желіде оқыған жаңалығы туралы айтады.
«Ақпаратта Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық экономика министрлігіне Лос-Анджелестегі өрттен зардап шеккен АҚШ тұрғындарына гуманитарлық көмек ретінде қазақстандықтардың бір күндік жалақысын аударуды тапсырғаны айтылады. Голливуд жұлдыздары да тыс қалмайды. Бұл — фейк», — деп хабарлады басылым.
Видео авторы ақпаратты қайдан алғанын айтпайды. Алайда бастапқы дереккөз – әлеуметтік желідегі бір парақша.
Басылым бұл ақпаратқа сенбеген жөн екенін мәлімдеді.