Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры (БЖЗҚ) Қазақстанда ең жоғарғы ай сайынғы зейнетақы төлемі 993 040 теңге екенін мәлімдеді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Қаңтарда бұл көрсеткіш 945 752 теңге болған. Ал зейнет жасына жеткен азаматтарға БЖЗҚ-дан төленетін орташа айлық төлем 35 523 теңге (қаңтарда 33 906 теңге) болған.
БЖЗҚ мәліметінше, 2025 жылғы 1 ақпандағы жағдай бойынша Қазақстанда 17,24 миллион зейнетақы шоты бар.
«Қазір қазақстандықтардың зейнетақы активтері 22,64 триллион теңгеге жетті. Кейінгі 12 айда зейнетақы активтері 4,52 триллион теңгеге (немесе 25 пайызға) өсті», – деп жазылған хабарламада.