Respublica партиясы атынан сайланған Мәжілістің жаңа депутаты Екатерина Смолякова ант берді, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында жаңа депутат ант берді.
Депутат Руслан Берденовтің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылды. Ал босаған мандат партиялық тізімде тұрған Екатерина Смоляковаға берілді.
Екатерина Сергеевна Смолякова 1987 жылы 2 тамызда дүниеге келген. Оның Қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша жоғары білімі, сондай-ақ ,Қазақстан-Британ техникалық университетінде алған DBA дәрежесі бар. Смолякованың білім беру және басқару саласында айтарлықтай жұмыс тәжірибесі бар. Ол Қазақстан-Британ техникалық университетінің (ҚБТУ) проректоры болды, сондай-ақ, мансап және түлектермен жұмыс орталығын басқарды.
2020 жылдан бері ол түрлі қоғамдық қызметке белсенді қатысып, KBTU Empowerment әйелдер клубын басқарады және Алматы облыстық №1 балалар үйінің Қамқоршылық кеңесінің төрайымы қызметін атқарады. Бұл бастамалар әйелдер мен жастарды қолдауға және дамытуға бағытталған.