Алматы әкімі Ерболат Досаев Медеу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында жаңа Конгресс-орталықтың құрылысы туралы айтып берді,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz Алматы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қала басшысы Алматыда мұндай көрнекті нысандар кеңес заманынан бері салынбағанын атап өтті.
«Болжамды жаңа Конгресс- орталығы мемлекеттік меншікте болады. Қала бюджетінен қаражат инженерлік инфрақұрылым мен абаттандыруға бөлінеді. Сондай-ақ әлеуметтік жауапкершілік аясында жеке демеушілік қаражат тартылады», — деді Ерболат Досаев.
Сондай-ақ, Алматы әкімі белсенді тұрғындарға қала дамуына көңіл бөлгені үшін алғысын білдіріп, жобаның Алматыға пайда әкелетініне сенім білдірді.
«Біздің қала дамуы тиіс. Алматыда еркін мемлекеттік жер қоры жоқ, сондықтан біз жолдарды ұзарту, әлеуметтік инфрақұрылымды, қоғамдық кеңістіктерді дамыту үшін жер сатып алуға мәжбүрміз. Біз мұның бәрін тек заң жүзінде ғана жасаймыз», — деді қала басшысы.
Ерболат Досаев жоспарланған Конгресс-орталықтың орнында коммерциялық жылжымайтын мүлік құрылысының алынып тасталғанына сендірді.
«Бюджеттік ақшаға сатып алынған жердің бірде — бір жер кодексі бойынша біз жеке меншік иелеріне бере алмаймыз. Бұл мәселені жадымыздан мүлдем шығарып тастау қажеті», — деп қорытындылады сөзін қала басшысы.