Халық санындағы әйелдер үлесі 51,1% болады, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Қазақстандағы әйелдер саны 10 381 377 адамға жетеді, бұл — еліміздегі жалпы халық санының 51,1%-ы.
Кейінгі он жылда әйелдер саны 15,2%-ға өсті. Әйелдердің 64,4%-ы қалаларда, 35,6%-ы ауылдық жерлерде тұрады.
Әйелдер саны бойынша өңірлер арасында Алматы алда келеді – 1,2 млн әйел. Екінші орында Түркістан облысы – 1 млн әйел, ал үшінші орында 803 мың аруы бар Астана. Соңғы он жылда әйелдер санының ең жоғары өсімі елордада байқалған: 82,1%. Алматыда қыз-келіншектер саны 37,5%, Маңғыстау облысында 32,5% өскен.
Жас құрамы бойынша әйелдердің 3,3 млн-ы 18 жасқа дейінгі жаста, 18-60 жас аралығындағылардың саны — 5,3 млн және 60 жастан асқандар саны — 1,7 млн. Қазақстандағы әйелдердің орташа жасы — 34,1 жас.
Бүгінгі таңда 4,4 млн әйел әртүрлі салаларда жұмыс істейді, олардың басым бөлігі білім беру, сауда және денсаулық сақтау салаларында еңбектенеді.