Ресейлік депутаттар Владимир Жириновскийге ескерткіш орнатпақ. Депутаттың 80 жылдығына орай 2026 жылы Ресей мен Қазақстан қалаларында ескерткіш қою жоспарланып отыр. Бұл туралы ТАСС жазды, — деп хабарлайды ErtenMedia.
Басылым мәліметінше, ЛДПР партиясының бұрынғы басшысына алғашқы ескерткіш 2026 жылдың наурыз-сәуір айларында Мордовия Республикасының Саранск қаласында ашылуы мүкмін.
«Сондай-ақ, саясаткердің шағын отаны Алматыда да ескерткіші ашылуы жоспарланған», – деп жазды басылым.
Ресейде ескерткіштен бөлек, Жириновскийге қатысты деректі фильм мен сериал түсіріледі. Деректі фильм премьерасы 2026 жылғы сәуірге жоспарланған.