«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі, облыстық мәслихат депутаттары, саяси партиялардың және Достық үйі – Қоғамдық келісім орталығының өкілдері Өскемен қаласынлағы Қазақстан көшесіне 38 түп қарағай отырғызды,- деп хабарлайды Ertenmedia.kz
— Көгалдандыру және абаттандыру мәселесі біздің жұмысымыздағы басым бағыттардың бірі болып қала береді. Жасыл аумақтар жайлылық пен экологиялық жағдайды жақсартып қана қоймай, қалаға ерекше көрік береді. Бұндай бастамалар бірлескен күш-жігердің арқасында елді мекендерді ерекше түрлендіруге болатынын көрсетеді, — деп атап өтті Нұрымбет Сақтағанов.
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Шығыс Қазақстан облысының барлық елді мекендерін жасылдандыру жұмыстары жалғасын табады.