Алматы облысының өңірлік дамыту орталығы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дің цифрлық технологиялар саласындағы ынтымақтастық туралы маңызды меморандумға қол қойды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Құжат өңір экономикасына инновацияларды енгізу, бірлескен ғылыми зерттеулер мен цифрлық жобаларды дамытуға бағытталған. Тараптар жасанды интеллект, үлкен деректерді талдау (Big Data), цифрлық платформаларды енгізу сияқты заманауи шешімдер бойынша бірлесіп жұмыс істеуге келісті.
Ынтымақтастық аясында университеттің суперкомпьютерлік базасында қала инфрақұрылымын басқару көзделген. Сонымен қатар климаттық жағдайларды модельдеу, көлік жүйесін интеллектуалды басқару, төтенше жағдайларды болжау да назарда бар. Энергетикалық желілерді оңтайландыру сынды күрделі цифрлық жобалар әзірленіп, сынақтан өткізіледі.
– Бүгін біз облыс болашағына үлкен ықпал ететін тарихи қадам жасадық. Бұл меморандум ғылым, бизнес пен мемлекеттік сектордың күш-жігерін біріктіру арқылы өңірдің цифрлық трансформациясына тың серпін бермек. Жақын жылдары жобаларды басқаруда, логистика, агроөнеркәсіптік кешен, өнеркәсіп және басқа да экономикалық салаларға интеллектуалды шешімдерді кеңінен енгіземіз, – деді өңірлік дамыту орталығының басшысы Ақжол Исақов.
Контекст
Бұл ынтымақтастық Алматы облысында инновациялық экожүйені дамытудың маңызды кезеңі болып табылады. Елдегі жетекші университетпен бірлескен жұмыс өңірге заманауи цифрлық шешімдерді енгізуге, ғылыми және білім беру әлеуетін арттыруға, болашақтың цифрлық салалары үшін жоғары білікті мамандарды даярлауға мүмкіндік береді.
Ал бизнес пен инвесторлар үшін мұндай ынтымақтастық жобалардың сапасын арттыруға, оларды іске асыру мерзімін қысқартуға және экономикалық тәуекелдерді азайтуға жаңа мүмкіндік береді.
Біле жүріңіз, енді WhatsApp қолданушылары мессенджердің веб-нұсқасы арқылы компьютерден тікелей дауыс және бейнеқоңырау жасай алады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







