Президент Тоқаев даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлына «Халық қаһарманы» атағын берді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мұндай шешім батырдың 115 жылдық мерейтойында тарихи әділеттілікті қалпына келтіру мақсатында қабылданған.
Президент Жамбыл облысына барған сапарында осы туралы жария етті. Мемлекет басшысының айтуынша, қоғам, зиялы қауым және жастардың көп жылдан бергі өтініштері ескерілген.
«Бауыржан Момышұлының батырлығы тарихи деректермен расталып, майдандастарымен мойындалған ерлік. Оның есімі ел есінде мәңгі патриотизм мен ержүректіліктің символы ретінде қалады», – деді Тоқаев.
Жақында Астанадағы «Астана Арена» стадионында Момышұлының алып фотомозаикасы жасалған болатын. 2736 шаршы метрлік портретті 570 оқушының суреттерінен құрастырды. Бұл жоба Жеңістің 80 жылдығы мен батырдың 115 жылдық мерейтойына арналды және Гиннес рекордтар кітабына тіркелуге ұсынылды.
Бұған дейін президент Тоқаев қазақ бизнесінің соғыстан кейінгі Украинаны көтергісі келетінін айтқан.

