Экономист Расул Рысмамбетов қазақ элитасының Дубайға ұмтылысы тұрмыстық жайлылықпен, климатпен немесе сәнмен байланыстырмайтынын ашып айтты, деп жазады Ertenmedia.kz.
2025 жылдың жазында Дубайға барған кезде қымбат мейрамханалар мен люкс қонақүйлерде қазақстандық шенеуніктерді, бизнес өкілдерін, әкімдердің отбасыларын жиі кездестіруге болатынын байқадым. Бұрын осы адамдар Швейцария мен Лондоннан көру үйреншікті жағдай еді. География өзгергенімен, мазмұн сол күйінде қалыпты.
Ақша отанға емес, заңға сенеді
Осы көріністер бір қарағанда қарапайым, бірақ өте маңызды сұрақ туындатады. Олар капиталын Қазақстанда тауып, ақшасын неге елімізден тыс жерде сақтап, жаратады? Неге қазақ капиталы бөтен юрисдикциялардың дамуына қызмет етеді? Экономистің ойынша, мәселенің түп-төркінінде елге деген сүйіспеншілік пен патриотизмнен іздеуге болмайтынын айтады. Оның ойынша бар түйін институттарға деген сенімнің жоқтығынжа екенін тілге тиек етіпті.
– Мен көрген элита өкілдерінің қолындағы ақпарат қоғам білетін деректерден өзгеше. Олар шешімдердің қалай қабылданатынын, қандай жағдайда қайта қаралатынын, шешімді қай кезде қысыммен өзгертуге болатынын жақсы біледі. Олар мәлімдемелерді емес, рәсімдерді көреді. Сондықтан олардың әрекеті жүйенің нақты индикаторы. Егер элита ұзақ мерзімді активтерін ел ішінде ұстамаса, демек ережелер тұрақты деп санамайды, – дейді Рысмамбетов.
Расул Рысмамбетов «аға-көке» элементтері сақталған ортада кез келген рұқсат қайта қаралатынын айтып қалды. Келісім-шарттың тағдыры белгісіз, ал сот шешіміне құқықтан тыс факторлар әсер етеді деген үрей қалыптасқан.
Осындай ортаға ұзақ мерзімді инвестиция жасау қисынсыз.
Сөзі жоқ, қаржы логикасы бойынша мұндай ортаға инвестиция жасау қолайсыз. Сол себепті капитал меншік құқығы айқын, ретроспективті санкциялар жоқ, құқық қолдану болжамды елдерді таңдайтыны белігіл. Ал таңдау негізінен таза институционалдық параметрлерге негізделеді.
– Қазақстанда мемлекет инвесторды келісімнің тең тарабы емес, реттеудің объектісі ретінде қабылдайды. Реттеуші функция кепілдік функциядан басым. Соның салдарынан ережелер өзгермелі, міндеттемелер жағдайға тәуелді, ал қорғау ықтимал сипатта қалып отыр. Ал капитал ықтимал құқықтық жүйеде жұмыс істемейді, – дейді маман.
Осы тұрғыдан алғанда, элиталардың әрекетін саботаж немесе қарсылық деп қарастыруға әсте болмайды. Бұл тәуекелді басқару тәсілі. Ақша, актив, отбасы мүшелерін шетелге шығару наразылық емес, белгісіздіктен қорғану бірден-бір амалы. Элита өкілдері мемлекетпен қақтығысты көздемейді, тек ұзақ мерзімді құқықтық кепіл жоқ ортадан алыстағанды жөн санайды.
Сөзі соңында Расул Рысмамбетов бір нәрсені анық айтады. «Элиталардың жүйеге сенімсіздігі эмоциялық сипатта емес, институционалдық сипатта» дейді ол. Мұны пайыздық мөлшерлемемен де, қадағалаушы органдармен де түзету мүмкін емес. Мұнда өзгермейтін, бәріне бірдей қолданылатын, қайтымсыз ережелер қажет. Бизнес тек цифр тілінде ғана емес, құқық тілінде де сөйлейінше капитал сыртқа аға береді.
Айтпақшы, белгілі қаржыгер, экономист Расул Рысмамбетов Ertenmedia тілшілерін 2025 жылы банк секторында байқалған үрдістерді егжей-тегжейлі талдап брген болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

