Алдағы тәуліктерде еліміздің барлық аймақтарында күн күрт суытады, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің болжауынша, 15 қаңтарда солтүстік пен шығыс облыстарда түнгі температура 30-40 градусқа дейін төмендейді. Елдің оңтүстік өңірлерінде қар аралас жаңбыр жауып, кейбір аймақтарда тұман мен көктайғақ күтілуде.
Астана қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Жолдарда көктайғақ сақталады. Түнде ауа температурасы 25-27 градус аяз, күндіз 18-20 градусқа дейін төмендейді.
Алматыда күн ала бұлтты, жауын-шашынсыз, түнде және таңертең тұман. Түнде 4-6 градус аяз, күндіз 0-2 градус жылы.
Шымкентте күн бұлтты, күндіз жаңбыр жауады. Түнде 2-4 градус жылы, күндіз 8-10 градус жылы болады.
Ақмола облысында түнде 24-29 градус, солтүстік пен шығыста 35 градус аяз. Күндіз 18-23 градус, солтүстікте 26 градус аяз күтілуде.
Алматы облысында солтүстік пен оңтүстік аудандарда күндіз жауын-шашын (жаңбыр, қар). Түнде 4-9, солтүстікте және таулы жерлерде 10-15 градус аяз, күндіз 2 градус аяз бен 3 градус аралығында жылы болады.
Жетісу облысында күн жауын-шашынсыз, түнде 8-13, солтүстік пен орталықта 15-20 градус аяз. Күндіз 3-8 градус, солтүстік пен таулы аудандарда 11 градус аяз.
Түркістан облысында күннің екінші жартысында таулы аудандарда қар аралас жаңбыр күшейеді. Түнде 0-5 градус жылы, солтүстікте және таулы аймақтарда 3-8 градус аяз, күндіз 6-11 градус жылы, таулы аймақтарда 0-5 градус аяз.
Павлодар, ШҚО, Абай облыстарында 40 градус суық күтілуде!
Батыс Қазақстан облысында батыс пен оңтүстікте қар, бұрқасын, көктайғақ болады. Түнде және күндіз 10-15 градус аяз.
Атырау облысында қар, көктайғақ және тұман күтіледі. Түнде және күндіз 3-8 градус аяз.
Маңғыстау облысында қар аралас жаңбыр жауып, көктайғақ болады. Түнде және күндіз ауа температурасы -3 пен +2 градус аралығында сақталады.
Ақтөбе облысында түнде 17-22 градус аяз, күндіз 12-17 градус аяз, желдің екпіні секундына 25 метрге дейін жетеді.
Қостанай облысында түнде 25-30 градус аяз, солтүстікте 33 градусқа дейін төмендейді, күндіз 17-22 градус аяз.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райы жауын-шашынсыз. Түнде 33-38, күндіз 26-31 градус аяз болады.
Павлодар облысында түнде 30-35 градус аяз, солтүстікте 40 градусқа дейін төмендеп, күндіз 25-30 градус аяз күтіледі.
Қарағанды облысында түнде 20-25 градус, солтүстікте 33 градусқа дейін аяз болады. Күндіз 15-20 градус аяз.
Ұлытау облысында күндіз оңтүстікте қар жауады. Түнде 14-19 градус, солтүстікте 22 градус аяз, күндіз 6-11 градус аяз.
Шығыс Қазақстан облысында жауын-шашынсыз, түнде 30-35, солтүстік-шығыста 40 градусқа дейін төмендейді, күндіз 23-28 градус аяз.
Абай облысында түнде 30-35 градус аяз, солтүстікте 38 градус, күндіз 22-27 градус аяз күтіледі.
Қызылорда облысында қар жауып, бұрқасын соғады. Түнде 0-5, күндіз 0-5 градус аяз.
Жамбыл облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар), бұрқасын және көктайғақ болады. Түнде 0-5 градус жылы, солтүстікте және таулы аудандарда 8-13 градус аяз, күндіз 1-6 градус жылы.
Жалпы, республика бойынша күрт салқындау болжанып отыр. Мамандар тұрғындарға жолға шыққанда сақ болуды ескертеді.
Айтпақшы, Қара теңізде қазақ мұнайын тасуға келген танкірлерге жасалған дрон шабуылынан кейін еліміздің Сыртқы істері ресми мәлімдеме жасады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

