Франция президенті Эммануэль Макрон Давостағы форумға «авиатор» стиліндегі көзілдірік тағып шыққаннан кейін, италиялық iVision Tech компаниясының акциясы бір тәулікте 28 пайызға қымбаттады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ақпарат құралдарының хабарлауынша, Макрон көпшіліктің алдына Pacific S 01 үлгісіндегі күннен қорғайтын көзілдірік киіп шыққан. Компанияның ресми сайтында оның бағасы 659 еуро (шамамен 770 доллар) тұрады.
Әлеуметтік желілерде Макронның бұл бейнесі танымал фильмдегі Top Gun стиліне ұқсас деп кеңінен тарап, қысқа мерзімде көпшіліктің назарын аударған. Соның арқасында компанияның нарықтағы құны бір тәулікте шамамен 3,5 миллион еуроға (4,1 миллион доллар) өсті.
Танымал режиссер Тимур Бекмамбетовтің жаңа скринлайф-жанрындағы «Казнить нельзя помиловать» фильмі сыншылар тарапынан өте төмен баға алды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

