Алматы мемлекеттік бизнес колледжінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әділ заң – ел тірегі» атты кездесу өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Кездесуде жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, құқық бұзушылықтың алдын алу және заң мен тәртіпті құрметтеу мәселесі сөз болды. Шараға Алматы қаласының құқық қорғау органдарының өкілдері, тәжірибелі мамандар қатысты.
Алматы қаласы Полиция департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы басшысының орынбасары, полиция полковнигі Мәди Құрманжанов заңсыз әрекеттердің салдары ауыр болатынын ескертіп, жастарды құқықтық мәдениетті күнделікті өмірде ұстануға шақырды.
– Президент атап өткендей, заң мен тәртіп – мемлекеттің тірегі. Құқықтық мәдениет заңды құрметтеп, оны күнделікті өмірде ұстанғанда ғана қалыптасады. Жастар осыны жадында ұстауы тиіс, – деді полиция полковнигі Мәди Құрманжанов.
«Amanat» партиясы жанындағы «Жастар рухы» Алматы қалалық филиалының төрағасы, қалалық қоғамдық кеңес мүшесі Дидарбек Ділдабек жастардың азаматтық жауапкершілігі мен қоғамдық белсенділігі құқықтық мемлекеттің негізі екенін айтып, жастарды әділдік жолында белсенді болуға үндеді.
Жиында полиция подполковнигі Дәурен Көбеев есірткі қылмыстарының жастар өміріне әкелетін зардаптары туралы жан-жақты ақпарат берді. Ал киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі, полицияның аға лейтенанты Шыңғысхан Ибрагим интернет алаяқтары мен киберқылмыстан сақтану жолдарына тоқталды.
Кездесу барысында студенттердің театрландырылған көрінісі мен би қойылымдары құқықтық тақырыпты әсерлі әрі көркем жеткізіп, қатысушылардың көңілінен шықты.
«Әділ заң – ел тірегі» атты бұл шара құқықтық сананы арттырып, жастардың әділетті мемлекет құру ісіне жауапкершілікпен қарауына түрткі болды.
Алматы қаласындағы №163 мектеп-лицейінде ұйымдастырылған «Заманауи мектеп оқушысы: заң мен тәртіп» атты конференцияның негізгі мақсаты – оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, заң мен тәртіптің озық тәжірибелерін насихатталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

