Көктемнің алғашқы айы Қазақстан тұрғындарына бірнеше қысқа жұмыс аптасын сыйламақ. Әдеттегі демалыс күндеріне қосымша, халық 8 наурыз Халықаралық әйелдер күнінде тағы да тынығады деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
2026 жылы мереке жексенбіге түскендіктен, демалыс дүйсенбіге, яғни 9 наурызға ауысады. Осылайша бес күн жұмыс істейтіндер 7, 8 және 9 наурыз күндері қатарынан демалады да, 10 наурызда жұмыстарына кіріседі.
Ал алты күндік жұмыс аптасындағылар 7 наурызда жұмыс істеп, 8-9 наурызда ғана демала алады.
Наурызда неше күн демалыс?
Наурыз мейрамында қазақстандықтарды тағы бір ұзақ демалыс күтіп тұр.
Биыл 21-23 наурыз аралығындағы ресми мерекелік демалыстың 21-і мен 22-сі демалыс күндеріне тура келгендіктен, бұл күндердің демалысы 24-25 наурызға, сейсенбі мен сәрсенбіге жылжиды. Нәтижесінде бес күн жұмыс істейтіндер 21-25 наурыз аралығында тұтас бес күн бойы демалмақ.
Ал алты күндік жұмыстағыларға 21-24 наурыз аралығында төрт күндік демалыс бұйырады, 25 наурыз жұмыс күні болады.
Мерекелік күнтізбеде кәсіби және өзге де ерекше даталар да бар. Олар жұмыс күндеріне түскеніне қарамастан, тиісті мекеме, ұжымдарда салтанатты түрде атап өтіліп, мамандарға құрмет көрсетіледі.
Кәсіби мерекелердің толық тізімі Еңбекминнің бұйрығымен бекітілген. Осылайша, биылғы наурыз айы қазақстандықтар үшін демалыс пен мерекенің молдығымен есте қалғалы тұр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

