Елнұр Бейсенбаев Президент әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі болып тағайындалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Мемлекет басшысының өкімімен Елнұр Сабыржанұлы Бейсенбаев Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Ішкі саясат бөлімінің меңгерушісі лауазымына тағайындалды», – делінген хабарламада.
Елнұр Бейсенбаев 1986 жылы Кентау қаласында дүниеге келген. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Саясаттану бакалавры» және «Саясаттану магистрі» мамандықтары бойынша бітірген.
Еңбек жолын «Болашақ» республикалық қозғалысының белсендісі, волонтері және жастар қанатының жетекшісі болып бастаған. Әр жылдары «Болашақ» қозғалысы төрағасының орынбасары, «Жастар Үні» журналының бас редакторының орынбасары, «Жастар Үні» жастар қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Қазақстанның халықтық-коммунистік партиясының Алматы қалалық филиалының хатшысы қызметтерін атқарған.
2017-2019 жылдары «Qadam PRO» ЖШС директоры болса, 2019-2020 жылдары Нұр-Сұлтан (қазіргі Астана) қаласы әкімінің кеңесшісі қызметін атқарған. Сонымен қатар, «Nur Otan» (қазіргі AMANAT) партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатын басқарды (2020-2021 жж.).
2023 жылдың қаңтарынан бастап AMANAT партиясының атқарушы хатшысы қызметін атқарды. Ал 2023 жылғы наурыздан бастап «AMANAT» партиясы атынан Парламент Мәжілісінің VIII шақырылымының депутаты болып сайланған болатын.
Кәсіпкер Марғұлан Сәрсенбайдың БАӘ-ден «алтын виза» алғаны көпшілікті ойға қалдырды. Енді жұрт арасында «Марғұлан да өзге елге ат басын бұрғалы отыр ма?» деген сауал пайда болды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

