Топырақтың құнарын қалпына келтірудің басты жолы тыңайтқыштарды дұрыс пайдалану. Олар жерге дәрумен секілді әсер етіп, өнімділігін еселеп арттырады. Бірақ тыңайтқыштардың қай түрін қашан, қалай қолдану керектігін нақты білмесе, топыраққа пайдасынан зияны көп болуы мүмкін, деп жазады Ertenmedia.kz.
Органикалық тыңайтқыштардың артықшылығы олар топырақты тек қоректендіріп қоймай, оның құрылымын жақсартады. Малдың қиы, компост немесе қарашірік азот, фосфор, калий сияқты өсімдікке қажет барлық элементтерге бай. Мысалы, тауық саңғырығы – өте күшті әрі пайдалы тыңайтқыш, дегенмен оны дұрыс мөлшерлемесе, топырақты «артық тамақтандыру» қаупі бар.
Минералды тыңайтқыштардың да маңызы зор. Егер топырақтың құнары күрт төмендесе, минералды препараттар жылдам көмектеседі. Әсіресе азот, калий мен фосфордың жоғары концентрациясы бар тыңайтқыштар өсімдіктерді тез қалпына келтіріп, өнімділікті жақсартады. Мұнда ең бастысы мөлшерді сақтап, топыраққа шамадан тыс салмақ түсірмеу.
Тағы бір тиімді тәсіл мульчалау. Шабылған шөп, үгінді немесе сабан топырақтағы ылғалды сақтап, оны күннің ыстығынан қорғайды, сонымен қатар, шіріп, жерді органикалық заттармен қоректендіреді.
Осылайша, тыңайтқыштарды қолдану көпсатылы және жауапты жұмыс. Әрбір қадам топырақтың денсаулығын қалпына келтіруге бағытталуы керек. Сонда ғана жердің құнарлылығы ұзақ уақыт сақталып, мол өнімнің кепілі болмақ.
Айтпақшы, кофе ішу гипертонияның (жоғары қан қысымы) пайда болу қаупін арттырмайды екен. Ғалымдар 315 мыңнан астам адамның қатысуымен өткен 13 зерттеудің нәтижесін талдап, осындай қорытындыға келіпті.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

