Танымал актер, комик Қайрат Әділгерей атақты күйші Құрманғазы туралы айтқан сөзі үшін елден кешірім сұрады деп жазады Ertenmedia.kz.
Әзілкеш күйшінің өміріне қатысты шатақ пікір білдірген болатын.
«Құрманғазы «разбойник» болған, былай айтқанда «по-черному» жүрген. Исатай досы екеуі байлардан тартып алып, кедейлерге берген. Ал хоббиі күй тарту болған. Бірақ осындай дүниелердің бәрін біз зерделеп, аша алмай жатырмыз. Киноларымызда да дәріптелмей келеді, – деген еді ол.
Әлгі пікірді әнші-әртістердің ізін аңдып, шегірткемен салыстырып жүретін Ахметбек Нұрсила іліп әкетіп, соңы шуға ұласқан еді.
Әділгерей әзірде ғана елден кешірім сұрап, ағат кеткенін мойындады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram
«Күйшінің туған жері мені сотқа бергелі жатыр. Бабамыздың басындағы шырақшының аузынан естіген әңгімем еді. Қателігімді мойындаймын. Шырақшының сөзін қазіргі жастардың тілінде, басқаша форматта жеткізем деп от бастым», — дейді әзілкеш.
Желідегі жұрттың пікірі әдеттегідей екіге жарылыпты. Ең қызығы Әділгерейге ара түсіп жатқан қауымның саны басым болып тұр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

