Мюнхендегі қауіпсіздік конференциясында әлемдік саясат пен дипломатиядағы жағдайға қатысты қызықты тұжырымдар айтылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Саясаттанушы Уәлихан Төлешов Мюнхен конференциясында Еуропа көшбасшылары АҚШ кәрі құрлықтағы қауіпсіздіктің негізігі кепілі болудан бас тартақанын қалғанын ашық мойындағанын айтты. Америкалық тарап та қазіргі әлемдік тәртіптің ескіргенін, оның АҚШ-тың өзіне қарсы құралға айналғанын мәлім етті. Мұның дипломатиялық ишара емес, терең қайшылық екенін аңғару қиын емес.
– Қарапайым тілмен айтсақ, АҚШ бұдан былай қауіпсіздіктің жалғыз «қалқаны» болғысы келмейді, ал Еуропа енді өз тағдыры мен қауіпсіздігі үшін толық жауапкершілік алу қажеттігін ұқты. Осының салдарынан қорғаныс шығындары күрт өсті, стратегиялық автономияға, қаржы ағынына, цифрлық кеңістікке, көлік-логистика арналарына және сыртқы ықпалға бақылау күшейтілді, – деді Уәлихан Төлешов.
Бұл міндетті түрде соғысқа апарады дегенді білдірмейді. Бірақ әлемнің қатал қайта құрылымдау кезеңіне кіргенін аңғартады. АҚШ орталық болып, Еуропа соған сүйенген бұрынғы конструкция сыр бере бастады. Қазір күш-қуат, жауапкершілік пен ресурстар қайта бөлініске түсіп жатыр.
– Мен бұл үдерісті «Тектонаполя» деп атаймын, жаһандық «плиталар» қозғалысқа келіп, мемлекеттер мен өркениеттер өзара қарым-қатынастарын қайта реттеп жатыр. Бұл хаос үшін хаос емес, терең әрі құрылымдық өзгеріс. Бұдан үрейленбей, сонымен қатар оған көз жұма қарауға да болмайды. Әлем біз ойлағаннан әлдеқайда тез өзгереді. Осыны ертерек түсінсек, ұлттық мүдделерімізді қорғау да жеңілдейді, – дейді сарапшы.
Конференцияда АҚШ-тың Мемлекеттік хатшысы Марко Рубионың «АҚШ Еуропаның баласы» деген сөзі өте орынды әрі символдық мәнге ие екенін алға тартты. Шынында да, Америка еуропалық мәдениеттен, философиядан, құқықтық дәстүрден, христиандықтан және Ағарту дәуірінен тамыр тартқан мемлекет.
Дегенмен кез келген бала өсе келе, өз қағидалары бойынша өмір сүре бастайды. Біз қазір дәл сондай кезеңнің куәсіміз. Батыс өркениеті енді бұрынғыдай біртұтас көрінбейді. Ол іштей «әкелер» мен «балаларға» бөлінгендей әсер қалдырады.
Еуропа көпжақтылық, консенсус және институттар арқылы ойлануды жөн көреді. Ал Америка барған сайын күш қолдану, ұлттық мүдде мен стратегиялық дербестік жөн санайды. Енді бұрынғыдай тұтастық жоқ.
– Бәлкім, біз бір өркениет ішіндегі екі түрлі даму траекториясының бастауын көріп отырмыз. Еуропа қалыптасқан ескі архитектураны сақтаушы болса, АҚШ оны бұзып, қайта құруға дайын күш ретінде бой көрсетуде. Мұндай жағдайлар тарихта бұрын да болған. Өркениеттер мұндай сәттерде түбегейлі бөлінбей, керісінше, жаңа тармақтарға таралады, – дейді Удихан Төлешов.
Контекст
Бұл қос арналы Батыс өркениеті ұзақ уақыт өмір сүре алады. Өйткені оларды біріктіретін ортақ өркениеттік негіз бар. Сондықтан бұл өркениеттердің толық ажырасуы емес, керісінше, олардың ересек кезеңге өтіп, өз аймағы үшін жауапкершілікті мойнына алу кезеңі. Өйткені қазір әлем тектоникалық өзгерістер кезеңіне кірді.
Қазіргі Батыс бұрынғы Батыс емес, бірақ бұл классикалық мағынадағы бөліну де емес, жауапкершілік пен рөлдердің қайта бөлінуі. Басқаша айтқанда, бұрын күштің бір ғана орталығы болса, енді Батыстың ішінде екі полюс қалыптасып жатыр.
Әдетте тектоникалық қозғалыс дабыр-дұбыр дау-дамайдан емес, жауапкершілік архитектурасының өзгеруінен басталады. Әлем құлдырап жатқан жоқ – ол қайта құру үстінде. Бұл қайта құруда Батыс енді бір тірекке сүйенген жүйе емес, бірнеше тірегі бар жаңа құрылымға айналып келеді.
Ресейдегі Назарбаевтың иелігіндегі «Азия-Тынық мұхит банкі» (АТБ) былтыр күреп табыс тауып, аста-төк пайдаға кенеліпті. Толық ақпарат осы тұста.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!

