OpenAI басшысы Сэм Альтман компанияның АҚШ Қорғаныс министрлігімен жасалған келісімшартқа кейбір өзгерістер енгізу бойынша жұмыс істеп жатқанын хабарлады, деп жазады Ertenmedia.kz.
«Біз Қорғаныс министрлігімен келісімшартымызға өзгерістер енгізіп, өз ұстанымдарымызды нақтылау бойынша жұмыс істеп жатырмыз», – деп жазды Альтман әлеуметтік желідегі парақшасында.
Оның айтуынша, жаңартылған келісім бойынша Пентагон OpenAI қызметтері АҚШ қорғаныс министрлігінің барлау агенттіктері, атап айтқанда Ұлттық қауіпсіздік агенттігі (NSA) тарапынан пайдаланылмайтынын растады. Егер мұндай қызметтер қажет болса, келісімшартқа қосымша өзгерістер енгізу міндетті болады.
Бұл қадам OpenAI компаниясының жасанды интеллект технологияларын пайдалану қағидаттарының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге бағытталған.
Президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келген. Алайда оның шешіміне Израиль премьері Биниямин Нетаняхудың ықпалы зор болған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







