Белгілі фэнтези жазушысы Джордж Мартин: «Кітап оқитын адам мың өмір сүріп үлгереді, ал ешқашан кітап оқымаған адам бір ғана өмір сүреді», – деген екен. Шынында да, кітап оқу – жан дүниеңді байытатын ғана емес, денсаулық пен психологияға да айтарлықтай оң әсерін тигізетін ерекше әдет, деп жазады Ertenmedia.kz.
Когнитивті нейроғылым саласының зерттеушісі Анна Мартин әріптестерімен бірге 40-қа жуық зерттеудің нәтижесін саралап, мета-анализ жүргізген. Олар МРТ көмегімен ересектер мен балалардың кітап оқыған кездегі ми жұмысына зерттеу жасады.
Нәтижесінде оқу барысында мидың бірнеше аймағы бір уақытта белсенді жұмыс істейтіні анықталған. Атап айтқанда, тілдік орталықтар, сенсорлы-моторлы жүйелер және есте сақтау мен қиялға жауапты бөліктер белсенді қызмет атқарған.
Ғалымдар бұл нәтижелерге сүйене отырып, кітап оқудың когнитивті қызметті жақсартып, нейропластикалықты арттыратынын дәлелдеген.
Нейропластикалық дегеніміз мидың оқу мен тәжірибе жинақтау, сондай-ақ жарақат алғаннан кейін өзін қайта қалыпқа келтіру қабілеті.
Осылайша, үнемі кітап оқу есте сақтау қабілетін жақсартады, қиялды дамытады және мидың кез келген жаңа жағдайға тез бейімделуіне көмектеседі.
Ғалымдар электроника саласында жиі қолданылатын қымбат әрі сирек кездесетін индий элементін қажет етпейтін жаңа мөлдір электрод жасап шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







