Испанияның әйгілі әншісі Энрике Иглесиастың Қазақстандағы концерттеріне билет бағасы жарияланды деп хабарлайды Ertenmedia.kz Freedom Ticketon платформасына сілтеме жасап.
Алматыда Энрике жанкүйерлерімен Орталық стадионда жолықпақ. Мұнда ең арзан билет солтүстік трибунадан орын алатындарға 45 мың теңге. Ал әншіні сахна түбінен тамашалағысы келетін VIP-қонақтар үшін билет құны 190 мың теңгеге жетеді.
Астанадағы концерт Astana Arena стадионында өтеді.
Мұнда да ең төмен баға 45 мың теңге шығыс және батыс трибуналар мен Free Zone аймағына арналған. Ал әншіге барынша жақын тұрып, «жұлдызды атмосфераны» сезінуді қалайтындарға VIP Standing билеті 180 мың теңгеден ұсынылып отыр.
Энрике Иглесиас Қазақстанға әлемге танымал стадиондық шоуын әкеледі. Астанада концерт 3 қыркүйекке, Алматыда 5 қыркүйекке белгіленген. Freedom Ticketon өкілдерінің айтуынша, концерттер Қазақстандағы соңғы жылдардағы ең ірі музыкалық шаралардың біріне айналуы тиі
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







