Өскеменде Наурыз мерекесіне орай 100-ден астам мәдени, спорттық және ғылыми-танымдық іс-шаралар ұйымдастырылады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Бұл туралы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Болатбек Мамарбаев айтты.
Биылғы Наурыз тойы 14 наурыз Көрісу күнінен бастау алып, он күндік форматта тойланады.
Жоспар бойынша, 17 наурызда қалалық Арбат алаңында «Жан ана» көпбалалы отбасылар қоғамдық бірлестігімен бірлесіп, отбасылық құндылықтарды насихаттауға арналған танымдық іс-шара өтеді.
18 наурыз Ұлттық киім күніне орай «Макси Молл» сауда орталығында өскемендік дизайнерлердің ұлттық киімдерінен сән көрсетілімі ұйымдастырылады. Сонымен қатар ұлттық киімдердің арнайы көрме-жәрмеңкесі де осы жерде өтеді.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні ретінде аталып өтеді. Бұл күні Комсомол аралында ұлттық спорт түрлерінен жарыстар өтеді.
Ал 21 наурыз күні қаладағы бірнеше орында, атап айтқанда, «Өскемен» аллеясында (КШТ), Меновное, Аблакет, Защита, Куленов шағын аудандарында және Сол жағалау мен Комендантка өзенінің сағасында мерекелік шаралар өтеді.
22 наурызда негізгі мереке дәстүр бойынша Республика алаңында жалғасын табады. Қала тұрғындары мен қонақтары осы күні ерекше дайындалған мерекелік бағдарламаны тамашалай алады.
ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов ар-намысты арқау етіп, заң мен тәртіпті төрге оздырған жаңа рефрендумға өңір халықын белсене қатысуға шақырды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







