АҚШ мемлекеттік департаменті Иранның жаңа жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеидің басына 10 миллион доллар тікті деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Мемдепартаменттің «Әділдік үшін сыйақы» бағдарламасы аясында жарияланған тізімге Иран Ислам революциясы сақшылар корпусының (КСИР) негізгі өкілдері мен жоғары лауазымды тұлғалары енген. Тізімнің басында Иранның жоғарғы көсемі Моджтаба Хаменеи тұр.
Хаменеиден бөлек, АҚШ билігі тағы тоғыз адамның деректеріне қызығушылық танытып отыр. Олардың қатарында жоғарғы көсемнің әкімшілігінің басшысы Әли Асгар Хеджази, Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы Әли Лариджани, жоғарғы көсемнің аға әскери кеңесшісі Яхья Рахим Сафави, ішкі істер министрі Эскандар Момени және барлау министрі Исмаил Хатиб бар.
Сонымен қатар тізімде нақты есімдері аталмаған, тек лауазымдары көрсетілген бірнеше тұлға бар: елдің Қорғаныс кеңесінің хатшысы, жоғарғы көсемнің кеңесшісі, әскери басқарма басшысы және КСИР-дің қолбасшысы.
Бағдарлама бойынша берілетін ең жоғары сыйақы 25 миллион долларға дейін жетуі мүмкін, бірақ Иран басшылығы туралы ақпарат үшін 10 миллион доллар белгіленген. АҚШ ақпарат жеткізушілерге қауіпсіздік шараларын, соның ішінде басқа елге көшіру мүмкіндігін ұсынып отыр. Ақпаратты Tor браузері мен Signal мессенджері арқылы жіберуге болады.
Иранда не болып жатыр? Бұған дейін біз президент Трамп Иранға қарсы әскери соққыны соңғы сәтке дейін құпия ұстап келгенін жазған едік.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







