ШҚО әкімі Нұрымбет Сақтағанов Өскемен қаласындағы №9 референдум учаскесінде дауыс беріп, ел болашағы үшін маңызды таңдауын жасады, деп жазады Ertenmedia.kz.
Аймақ басшысы референдумға отбасымен бірге келіп, балаларына азаматтық жауапкершіліктің мәнін іспен көрсетті.
– Референдум еліміздің дамуындағы шешуші сәттердің бірі. Әр азаматтың пікірі маңызды, себебі бұл таңдау – Қазақстанның болашағын анықтайды. Шығыс Қазақстан облысында референдумды жоғары деңгейде өткізу үшін барлық жағдай жасалған, – деді облыс әкімі.
Айта кетейік, бүгін Шығыс Қазақстан облысында барлығы 533 референдум учаскесі жұмыс істеп тұр. Оның ішінде 501-і тіркелген мекенжай бойынша болса, 32-сі уақытша орналасқан орындарда ашылған. Өскемен қаласының өзінде 129 учаске қызмет көрсетуде.
Сағат 10.00-дегі мәлімет бойынша, облыстағы сайлаушылардың 20,64%-ы дауыс беріп үлгерген.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







