Жұлдыздардың сырына үңілу – ертеңгі күнге жасалған болжам ғана емес, алдыңнан шыққан мүмкіндіктер мен қауіп-қатерді алдын ала сезінудің амалы. 16 наурыз күні қай жұлдыз белгісінің жолы ашық, кімге сақтық танытқан жөн екенін Ertenmedia.kz хабарлайды.
Тоқты (21 наурыз – 19 сәуір)
Бүгін Тоқтының байқаусызда айтылған сөзі ұзақ уақытқа созылатын ренішке себеп болуы мүмкін. Сондықтан өзіңізді тежеп, әзіл-қалжыңды орнымен айтқаныңыз жөн. Бөтеннің құпиясын сақтап, артық қызығушылық танытпасаңыз, күніңіз тыныш әрі жанжалсыз өтеді.
Торпақ (20 сәуір – 20 мамыр)
Торпақтардың ойын бүгін қаржы мәселесі көбірек мазалайды. Ақша аз болса, уайымдаудың қажеті жоқ. Қаржы ешқашан жеткілікті болмайды, сондықтан бар нәрсеге қанағат етіп, көңіліңізді көтеріңкі ұстаңыз.
Егіздер (21 мамыр – 20 маусым)
Егіздерге бүгін өзгелердің пікіріне құлақ асқан дұрыс. Өз ойыңызға ғана сеніп, өзгенің ескертуіне мән бермесеңіз, кейін өкініп қалуыңыз мүмкін. Айтысып-тартыспай, жайбарақат қалпыңызды сақтасаңыз, күн нәтижелі өтеді.
Шаян (21 маусым – 22 шілде)
Бүгін Шаяндардың жанашырлығын өз мүддесіне пайдаланғысы келетіндер көп болуы мүмкін. Біреуге көмектесемін деп, өз мойныңызға артық жүк артып алмаңыз. Әр өтінішке сын көзімен қарап, орынсыз мейірімділіктен аулақ болыңыз.
Арыстан (23 шілде – 22 тамыз)
Арыстандар бүгін ішкі әлеміне еніп, шығармашылықпен айналысуға таптырмас уақыт табады. Жалғыздықта қалып кітап оқу, ойға берілу пайдалы болмақ. Іштегі әдемі әлеміңізбен бөлісетін жақын адам табылса, тіпті керемет.
Бикеш (23 тамыз – 22 қыркүйек)
Бүгін Бикештер күнделікті ұсақ-түйекті тым әсірелеп жіберуі ықтимал. Қарапайым мәселені күрделі етіп көрсетпей, әр нәрсеге байсалды қараңыз. Маңызды мәселелерге ғана көңіл бөліп, бос уайымнан алыс болыңыз.
Таразы (23 қыркүйек – 22 қазан)
Бүгін Таразыларды эмоциясы толықтай билеуі мүмкін. Күннің сәтті не сәтсіз аяқталуы – сіздің неге қызығатыныңызға байланысты. Бос сөз бен уақыт жоғалтудан сақтанып, пайдалы істерге көңіл бөлсеңіз, үлкен жетістіктерге жетесіз.
Сарышаян (23 қазан – 21 қараша)
Бүгін Сарышаяндар болмашы нәрсеге ренжіп, өзін тым аяп кетуі мүмкін. Бұл көңіл-күймен ұзақ жүрсеңіз, күніңіз текке кетеді. Өзіңізді аяуды азайтып, өмірдің жақсы тұстарына назар аударыңыз.
Мерген (22 қараша – 21 желтоқсан)
Мергендер үшін бүгін жауапты жобалардан гөрі, күнделікті үйреншікті жұмыстарды атқарған тиімді. Жұмысқа деген ынтаңыз жоғары болса, біраз істің басын қайыра аласыз. Өзгелердің жұмысына араласпай, тек өз міндетіңізге көңіл бөліңіз.
Тауешкі (22 желтоқсан – 19 қаңтар)
Бүгін Тауешкілер үшін мұқияттылық пен сабырлық қажет ететін жұмыстар өте сәтті жүреді. Бірақ эмоция жағынан күн аса қолайлы емес. Ашуланшақтыққа бой бермей, жақын адамдарыңызбен ара-қатынасты бұзып алмаңыз.
Суқұйғыш (20 қаңтар – 18 ақпан)
Суқұйғыштар бүгін өзгелерден лайықты бағасын ала алмағандай сезінуі мүмкін. Бірақ бұл – өтпелі көңіл-күй. Өз дарыныңызды бағалай білсеңіз, уақыт өте келе айналаңыздағы адамдар да сіздің қабілетіңізді мойындайды.
Балықтар (19 ақпан – 20 наурыз)
Бүгін Балықтарға уақытының көбін үйде немесе жақын адамдарымен бірге өткізген тиімді. Басқалармен араласқанда түсініспеушілік туындап, көңіліңізді түсіруі мүмкін. Үй шаруасымен айналысып, кітап оқысаңыз, күннің жағымды өтуіне жол ашасыз.
Қытайдағы Бейжің университетінің ғалымдары ақпаратты электр тогының орнына жарық арқылы өңдейтін жаңа «толық оптикалық» чип жасап шығарды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







