Қазақстанда көктем мезгілі өзіне тән құбылмалы ауа райымен жалғасуда. Елдің әр өңірінде температура айырмашылығы байқалып, кей жерлерде жылылық орнаса, кей аймақтарда қыс ызғары әлі сезіледі, деп жазады Ertenmedia.kz.
Синоптиктердің мәліметінше, 19 наурыз күні ел аумағында ауа райы әркелкі болады. Оңтүстікте жаңбыр мен найзағай күтілсе, солтүстік пен орталық өңірлерде түнгі аяз сақталып, кей жерлерде қар жауады.
Астанада құбылмалы бұлтты ауа райы болжанады, жауын-шашын болмайды. Желдің жылдамдығы 3–8 м/с. Түнде −8…−10°C, күндіз +1…+3°C.
Алматыда да жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы күтіледі. Жел 3–8 м/с. Түнде −1…+1°C, күндіз +13…+15°C.
Шымкентте бұлтты, жаңбыр мен найзағай болжанады. Жел 8–13 м/с, екпіні 15–20 м/с-қа дейін жетеді. Түнде +4…+6°C, күндіз +16…+18°C.
Ақтауда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты ауа райы. Жел 5–10 м/с. Түнде +6…+8°C, күндіз +15…+17°C.
Ақтөбеде ашық, жауын-шашын болмайды. Жел 5 м/с дейін. Түнде −3…−5°C, күндіз +6…+8°C.
Атырауда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +12…+14°C.
Жезқазғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде −3…−5°C, күндіз +7…+9°C.
Қарағандыда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде −8…−10°C, күндіз −1…+1°C.
Көкшетауда жауын-шашынсыз, құбылмалы бұлтты. Жел 7–12 м/с. Түнде −2…−4°C, күндіз +2…+4°C.
Қонаевта құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде −1…+3°C, күндіз +13…+15°C.
Қостанайда жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде −6…−8°C, күндіз +3…+5°C.
Аңызақ жел соғады
Қызылордада ашық ауа райы күтіледі. Жел 9–14 м/с. Түнде +1…+3°C, күндіз +16…+18°C.
Павлодарда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 3–8 м/с. Түнде −6…−8°C, күндіз 0…+2°C.
Петропавлда қар жауады. Жел 9–14 м/с, екпіні 15–20 м/с. Түнде −5…−7°C, күндіз +3…+5°C.
Семейде жауын-шашынсыз. Жел 4–9 м/с. Түнде −2…−4°C, күндіз +1…+3°C.
Талдықорғанда құбылмалы бұлтты, жауын-шашынсыз. Жел 2–7 м/с. Түнде −1…−3°C, күндіз +11…+13°C.
Таразда жауын-шашынсыз. Жел 9–14 м/с. Түнде 0…+2°C, күндіз +15…+17°C.
Түркістанда құбылмалы бұлтты. Жел 8–13 м/с. Түнде +3…+5°C, күндіз +17…+19°C.
Оралда жауын-шашынсыз. Жел 5–10 м/с. Түнде −2…−4°C, күндіз +4…+6°C.
Өскеменде құбылмалы бұлтты. Жел 1–6 м/с. Түнде −5…−7°C, күндіз +1…+3°C.
Синоптиктердің айтуынша, мұндай ауа райы көктем мезгіліне тән. Температураның күрт ауытқуы мен желдің күшеюі сақталады.
Ирандағы мұнай зауыттарында болған жарылыстардан кейін атмосфераға улы заттардың таралуы туралы ақпарат күшейді. Мұндай ластану салдары қышқыл жауынға (acid rain) әкеліп, оның әсері Орталық Азияға дейін жететінін айта бастады. Бұл құбылыстың біз үшін табиғатын, оның қаупін және ықтимал салдарын түсіну маңызды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







