Танымал әнші Сәкен Майғазиевтің жары Динара Майғазиева отбасылық тақырыпқа қатысты сұраққа ашық жауап беріп, желіде қызу талқылануда, деп жазады Ertenmedia.kz.
Ол «екінші әйел алу» туралы қойылған сұраққа философиялық тұрғыда жауап берген.
– Бұл мәселе адамның қалауынан бұрын пешенеге байланысты. Үлкендер де солай дейді. Егер жазылса, адам оны көреді. Ал ағаң өзі барып алып бермей алмайды ғой, – деді Динара Майғазиева.
Сондай-ақ ол жұбайының әлеуметтік желіде жиі смайлик қолдануын да түсіндірді. Оның айтуынша, бұл – Сәкен Майғазиевтің халыққа деген ықыласы мен ізгі ниетінің көрінісі.
Желі қолданушылары бұл пікірге әртүрлі көзқарас білдірді. Бірі отбасылық тақырыпты қозғауды орынсыз деп санаса, енді бірі Динара Майғазиеваның сабырлы әрі мәдениетті жауабын қолдады.
Пікір қалдырушылардың арасында «әр нәрсе адамның өзіне байланысты», «осындай отбасыға мұндай сұрақ қажет емес» деген ой айтқандар да болды. Сонымен қатар кейбір қолданушылар жауаптағы астарлы мағынаны атап өтті.
Жалпы, бұл жағдай қоғамда отбасы құндылықтары мен жеке көзқарастарға қатысты пікір алуандығы бар екенін көрсетті.
Бұған дейін тілшілеріміз әнші Сәкен Майғазиев Нұрлан имамның алдында діни тақырыпта әңгіме айтып, жұртты ұйытқанын жазған болатын.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







