Қазақстанда Ұлттық киім күні аталып өтіп жатқан сәтте бұл мерекенің мәні тек сыртқы келбетпен шектелмейтіні тағы бір мәрте байқалады. Бұл ұлттар арасындағы байланыс, ортақ тарих пен тағдыр туралы ойланатын күн, деп жазады Ertenmedia.kz.
Тегі қырғыз, белгілі қазақ-қырғыз актері Азиз Бейшенәлиевтің пікірінше, Қазақстан тек бір ұлттың емес, ондаған халықтың ортақ үйі. Оның айтуынша, өзінің отбасы бұл елмен жарты ғасыр бұрын байланыс орнатқан.
– Әкем қазақ киносына қызмет етіп, өмірін осы елмен байланыстырды. Мен де сол жолды жалғастырып келемін. Қазір осында тұрып жатқаныма он жылдан асты. Мен қазақ емеспін, бірақ өзімді қазақстандық деп есептеймін, – дейді актер.
Азиз Бейшенәлиевтің ойынша, Қазақстан тарихы тек саяси оқиғалардан емес, адамгершілікке негізделген әрекеттерден тұрады. Ол 30-жылдардағы ашаршылықтан кейін де қазақ халқы өзге ұлт өкілдеріне көмектескенін еске алады.
«Қазақтар корей отбасыларының балаларын қар астынан тауып алып, өз үйлеріне әкелген. Өздері қиын жағдайда болса да, бөтенді жатсынбаған», – дейді ол. Сонымен қатар ол АЛЖИР лагеріндегі әйелдерге көрсетілген көмекті де мысалға келтіреді. Қазақ балаларының қолындағы «тас» деп лақтырғаны – шын мәнінде құртып, аштықтан аман қалуға көмектесу болған.
Актер тарихи даулы мәселелерге де тоқталды. Оның пікірінше, XIX ғасырдағы қазақ-қырғыз арасындағы қақтығыстарды бүгінгі көзқараспен бағалау дұрыс емес. «Ол кезде әр халық өз мүддесін қорғады. Мұндай жағдай басқа құрлықтарда да болған», – дейді ол.
Азиз Бейшенәлиевтің айтуынша, тарихта тек қақтығыс емес, өзара қолдау да көп болған. ХХ ғасырда қазақтар қырғыздарға көмектескен кезеңдер де, қырғыздар қазақтарға қолдау көрсеткен сәттер де бар. «Ұрқын кезінде қазақтар қырғыздарға көмектесті, ал ашаршылық кезінде қырғыздар қазақтарға жәрдем берді. Бұл – екі халықтың ортақ тағдыры», – дейді актер.
Оның пікірінше, мұндай оқиғалар бүгінгі қоғам үшін маңызды сабақ. Ұлттық киім күні де осы бірлікті, өзара құрметті еске салатын мереке. Азиз Бейшенәлиевтің ойынша, Қазақстанның басты құндылығы – оның көпұлтты қоғамында және сол қоғамды біріктіретін адамгершілік негізінде.
Атышулы актер Асқар Жұмабек тағы да жанжалдың ортасынан табылды. Бұл жолы оқиға түсіру алаңында өрбіген. Әріптесі Айнұр Нарзиева желіде жариялаған жазбасында актердің өзіне қол көтермек болғанын мәлімдеді.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







