Жүктілік кезінде дұрыс тамақтану болашақ баланың денсаулығына тікелей әсер ететін маңызды фактор. Ғалымдар бұл кезеңде чипсы, сухарик және қуырылған жаңғақ сияқты өнімдерден бас тартуға кеңес береді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Зерттеулер көрсеткендей, мұндай тағамдар құрамында акриламид деп аталатын зиянды зат болады. Ол крахмалға бай өнімдер жоғары температурада қуырылған кезде түзіледі.
Мамандардың айтуынша, акриламид ұрықтың дамуына кері әсер етуі мүмкін. Зерттеу барысында осындай тағамдарды жиі тұтынған аналардың балалары орта есеппен 132 грамға жеңіл туған.
Сонымен қатар олардың бас айналымы да қалыпты көрсеткіштен төмен болған. Бұл мидың дамуына байланысты маңызды көрсеткіштердің бірі саналады. Ғалымдардың пікірінше, акриламидтің әсері кей жағдайда жүктілік кезіндегі темекі шегумен тең болуы мүмкін.
Төмен салмақпен туу баланың кейінгі өмірінде түрлі ауруларға әкелуі ықтимал. Олардың қатарында жүрек-қан тамыр аурулары, қант диабеті және сүйек мәселелері бар.
Сондықтан мамандар жүктілік кезінде қуырылған, әсіресе крахмалға бай тағамдарды шектеуді ұсынады. Қарапайым тілмен айтқанда, болашақ ана не жесе бала соның әсерін алады.
Ал өт қабының бүкіл ас қорыту жүйесінің жұмысын реттеуде атқаратын өз міндеті бар. Оның негізгі қызметі бауырдан келетін өт сұйықтығын жинап, оны он екі елі ішекке қажет кезде ғана шығарып отыру.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







