Елордада «Ағалар ерлігі – ұрпаққа аманат!» атты әскери-патриоттық акция өтті. Аталған шара аясында Қарулы күштер қатарына шақырылған жастарды салтанатты түрде шығарып салу рәсімі ұйымдастырылды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Шараға болашақ сарбаздардың ата-аналары мен туыстары, әскери қызметшілер, «Жас сарбаз» тәрбиеленушілері, ардагерлер, Сенат депутаттары мен қала әкімдігінің өкілдері қатысты.
Астана қаласы Қорғаныс істері департаментінің басшысы Руслан Балтеміров жастарды әскер қатарына салтанатты түрде шығарып салу жақсы дәстүрге айналғанын атап өтті. Оның айтуынша, биылғы көктемгі шақыру науқаны аясында елордадан 1400-ге жуық жас әскер қатарына алынбақ.
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің орынбасары, генерал-майор Асқар Мұстабеков өз құттықтауында Қарулы күштердің ел қауіпсіздігі мен мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайтудағы рөліне тоқталып, үздік сарбаздарға жоғары оқу орындарында білім алуға жеңілдік сертификаттарын табыстады.

Әскери қызметші Бейбарыс Хасен өз сөзінде әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінде қызмет еткенін және үздік қызметі үшін Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетіне «ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына оқуға грант алғанын айтты.
Шара барысында алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімдеріне алғыс хаттар табысталды. Сонымен қатар қару-жарақ көрмесі ұйымдастырылып, мерекелік концерт өтті.
Қазақстанда автомобиль өндірісі қарқынды өсуде. Биылғы жылдың алғашқы тоқсанында елде 45 260 автокөлік пен техника шығарылған, бұл былтырғы көрсеткіштен 36,8%-ға жоғары.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







