Алматы облысында Ұлттық кітап күні аясында ауқымды әрі мазмұнды іс-шаралар ұйымдастырылды. Қазіргі таңда облыс әкімдігіне қарайтын 145 мемлекеттік кітапхана өңір тұрғындарына тұрақты түрде қызмет етіп келеді, деп жазады Ertenmedia.kz.
Биыл кітап қорына 1983 дана жаңа әдебиет қосылып, барлығы «БАРЫС» бағдарламасының электронды каталогына енгізілді. Бүгінде облыстық электронды кітапхана қорында 1,9 миллионнан астам кітап бар. Сонымен қатар, ҚазҰЭБ базасымен бірлесіп, 2137 кітап цифрландырылып, кітапханалық қызмет көрсету кезең-кезеңімен автоматтандырылуда.
Кітапханаларды жаңғырту ісі де жалғасын табуда. Жақында ғана Қонаев қалалық және Ұйғыр аудандық кітапханалары заманауи үлгіде жаңартылса, енді Шелек және Жандосов ауылдарында жаңа кітапханалар ашу жоспарланған.
15-23 сәуір аралығында облыс бойынша барлығы 152 іс-шара өтіп, оған 15 мыңнан астам оқырман қатысты. Әсіресе, Қонаев қаласында өткен «КітапFEST – ұлттық құндылық» атты мерекелік шара көпшіліктің көңілінен шықты. Мұнда үздік кітапханашылар марапатталып, танымал қаламгерлермен кездесулер өткізілді.

Сондай-ақ Астана қаласында өткен IX Халықаралық «Astana Eurasian Book Fair – 2026» көрмесінде Алматы облысының кітапханасы өңір жазушыларының шығармаларын кеңінен таныстырды.
Қарасай ауданында белгілі жазушы, филология ғылымдарының докторы Бекен Ыбырайыммен кездесіп, оқушылар автордың «Іздер құпиясы» атты шығармасын талқылады.
Жалпы, Алматы облысында атқарылып жатқан жүйелі жұмыстар кітап оқуды насихаттауға және ұлттық руханиятты дамытуға үлкен серпін беріп отыр.
Алматы облысының Кеген ауданы жасыл-желек өсіруден еліміз бойынша алдыңғы қатарда келеді. Әсіресе, бұл өңірдің Шренк шыршасы сияқты табиғатқа ерекше көрік беретін ағаш түрлерін көбейту ісі қарқынды жүріп жатыр.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







