Зайсан курорттық аймағына алғашқы сынақ рейстері биыл басталуы мүмкін. Бұл туралы Сенаттағы брифингте ҚР Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев мәлімдеді, деп хабарлайды Ertenmedia.kz.
Министрдің айтуынша, Зайсан бағытындағы алғашқы техникалық ұшулар биылғы жылы жүзеге асады. Ал тұрақты базалық рейстер 2027 жылы басталады.
– Зайсанға бағытталған алғашқы тесттік рейстерді биыл ұйымдастыра аламыз. Дегенмен тұрақты әуе қатынастары келесі жылы ғана іске қосылады, – деді министр.
Ол сондай-ақ тұрақты рейстерді іске қосу жергілікті әкімдіктер тарапынан субсидиялануға тәуелді екенін атап өтті. Әсіресе туристік бағыттарды дамытатын әкімдіктердің қолдауы авиакомпаниялармен келіссөздерге және рейстердің толық іске қосылу мерзіміне тікелей әсер етеді.
Еске салсақ, Зайсан әуежайынан болашақта халықаралық бағытта Үрімші, Алтай және Канасқа рейстер ашылады деп жоспарланған. Әуежай жобасы ATR-72 және Q-400 Bombardier ұшақтарына арналған, жобаның жалпы құны шамамен 118 млрд теңгені құрайды.
Айтқандай, Ауыл шаруашылығы министрлігі таратқан мәлімет бойынша, бүгінде агроөнеркәсіптік кешендегі субсидияның жалпы берешегі 341,3 млрд теңгеге жеткен. Оның 152,2 млрд теңгесі несие пайызын субсидиялауға тиесілі екен.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







