Алматыда жалған ақпарат тарату және адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған бұзақылық фактілері бойынша қаралып жатқан қылмыстық іс кейінге қалдырылды. ҚазТАГ ісі бойынша сотқа келмеген бас редактор ескерту жасалды, деп жазады Ertenmedia.kz.
Алматы қаласының Алмалы аудандық сотындағы отырыс сотталушылар Қасенов пен Қаппарованың келмеуіне байланысты 2026 жылғы 15 маусымға ауыстырылды.
Сотталушылардың сот талқылауына қатысуы олардың процестік міндеті саналады. Дәлелді себепсіз сотқа келмеу істі қарауға кедергі келтіреді. Сонымен қатар сот процесінің созылуына әкелуі мүмкін.
Қылмыстық-процестік заңнамаға сәйкес, сотталушылар дәлелді себепсіз келмеген жағдайда сот процестік мәжбүрлеу шараларын қолдануға құқылы. Мұндай шаралардың бірі, сот отырысына күштеп әкелу.
Сот сондай-ақ қамауда ұстаудан өзге бұлтартпау шарасы қолданылған адамдардың сотқа келмеуі оларға қатысты шараны қатаңдатуға негіз болуы мүмкін екенін ескертті.
Істі қарау 15 маусымда жалғасады деп жоспарланған.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







