Қорғаныс министрлігінде 104 нысан тексеріліп, 37 қылмыстық іс қозғалды. Мемлекеттік комиссия армиядағы заңбұзушылықтар бойынша аралық қорытындыны жариялады.
қылмыстық іс
Павлодарда өткен волейбол жарысында жас спортшы қызды ұрған бапкердің әрекеті желіде тарап, Сәбина Алтынбекова бұл оқиғаға қатаң наразылық білдірді.
Қызылорданың орталық алаңында жасөспірімдер арасында 1000 теңге үшін шыққан жанжал 13 жасар баланың қазасымен аяқталды. Қанды оқиға марқұмның анасының көз алдында болған.
Астанада Сания Әлімжанованы өлтіріп, 25-қабаттан секірген күдіктінің сот процесі белгісіз мерзімге шегерілді. Прокурорлар оны жауапкершіліктен босатуды сұраған.
Шымкентте өткен Қайрат Нұртастың мерейтойлық концертінде жаппай қысылыс орын алып, полиция қылмыстық іс қозғады.
Ұлттық қауіпсіздік комитеті қыркүйек айында 106 жемқорлық құқық бұзушылығын тіркеді. Заңсыз әрекеттерден келген шығын 3,7 миллиард теңгені құраған.
Lenovo компаниясының топ-менеджері Ермек Жәкіпжановтың өліміне қатысты іс аяқталғанымен, ҰҚК Алматы облыстық полиция департаментінің лауазымды тұлғаларына қарсы тергеу жүргізуде.
Қорғаныс министрлігіндегі кешенді тексеруден соң 13 қылмыстық іс қозғалып, бес лауазымды тұлға қамауға алынды.
Астанада қасбет опырылуынан көз жұмған 23 жастағы фельдшер Ұлдана Мырзуанның өліміне қатысты қылмыстық іс прокурорға қайтарылды. Сот құрылыс компаниясының да жауапкершілігін қарастырмақ.
Бас прокуратура Маңғыстау облысындағы оқу-жаттығу кезінде әскери қызметшілердің қаза болу фактісі бойынша тергеу барысы мен күдіктілердің анықталғанын хабарлады.










