Ұйғыр ауданында республикалық «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «Жасыл мекен – жарқын келешек» атты жастардың экологиялық акциясы өтті, деп жазады Ertenmedia.kz.
Іс-шара Асамбай асуы аумағында ұйымдастырылды. Негізгі мақсат – жастар арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру, қоршаған ортаны қорғау және туған жер табиғатына жауапкершілікпен қарауды насихаттау.
Акция барысында қатысушылар санитарлық тазалау және абаттандыру жұмыстарын жүргізді. Аумақтағы тұрмыстық қалдықтар жиналып, табиғи орта қоқыстан тазартылды.
Шараға ауданның белсенді жастары, еріктілер, тұрғындар және түрлі мекеме қызметкерлері қатысты. Жалпы 100 адам туған өлкенің тазалығын сақтауға өз үлесін қосты.
Ұйымдастырушылар акция кезінде табиғатты қорғау және экологиялық жауапкершілікті арттыру бағытында түсіндіру жұмыстарын да өткізді. Жастар қоршаған ортаны таза ұстау, табиғи аумақтарға ұқыпты қарау және қоғамдық тазалық мәдениетін қалыптастыру туралы ой бөлісті.
Іс-шарада Кетпен ауылдық округінің Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Тоқан Әлбеков сөз сөйледі. Ол жастарды туған жердің тазалығын сақтауға, табиғатты аялауға және қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуға шақырды.
Тоқан Әлбековтің айтуынша, тазалық пен тәртіп әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады. Сондықтан қоршаған ортаға жанашырлықпен қарау күнделікті дағдыға айналуы тиіс.
Қатысушылар мұндай акциялар жастардың экологиялық санасын арттырып, қоғамда тазалық мәдениетін қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.
«Жасыл мекен – жарқын келешек» акциясы аудан тұрғындары арасында табиғатты қорғау идеясын кеңінен насихаттауға және «Таза Қазақстан» жалпыұлттық бағдарламасының мақсаттарын жүзеге асыруға бағытталды.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!








