Алматыда өтетін YE концертіне әлемнің әр түкпірінен жанкүйерлер жиналып жатыр. Солардың бірі – Қытайдан арнайы келген Кристалл Лю, ол мегаполисте үш күн болуды жоспарлап отыр, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Кристалл Лю YE, яғни Канье Уэсттің шығармашылығын бұрыннан тыңдайтынын айтып, концертті асыға күтіп жүргенін жеткізді.
«Баршаңызға қайырлы кеш! Менің атым Кристалл Лю. Қытайдан Канье Уэсттің концертіне арнайы келдім. Алматыда үш күн боламын. Осы перформансты асыға күтіп отырмын», – деді ол.
Қытайлық қонақ сұхбат барысында сүйікті орындаушысына деген ықыласын музыка арқылы да көрсетті. Камера алдында YE-нің танымал туындыларының бірі – «All Falls Down» композициясынан үзінді орындап, көрермендерге шағын музыкалық сый жасады.
Алматыдағы концерт шетелдік жанкүйерлердің де қызығушылығын тудырып отыр. Кристалл Людің арнайы сапары YE шығармашылығының халықаралық аудиториясы кең екенін және ірі музыкалық шаралардың Алматының туристік тартымдылығына да әсер ететінін аңғартады.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







