«Әділет» партиясы 24 шілде мен 19 тамыз аралығында «Әділетті Қазақстан үшін» ауқымды сайлауалды жобасын жүзеге асырды. Мобильді керуеннің алты командасы еліміздің барлық 17 облысын қамтитын өңіраралық бағыттар бойынша жүріп өтіп, 99 ауылдық елдімекенге барды, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Жобаға қатысушылар 27 күн ішінде 13 872 шақырым жол жүріп, 99 кездесу өткізді. Аймақтардағы басқосу, жиындар 14 136 тұрғынды қамтыды. Ауыл тұрғындарымен өткен тікелей диалогқа «Әділет» партиясынан Құрылтай депутаттығына үміткер 42 кандидат қатысты. Олар сайлауалды бағдарламаның негізгі бағыттарын таныстырып, тұрғындардың сауалдарына жауап беріп, ұсыныстарын жинақтады.
Жоба бағыттары солтүстіктегі Мамлютка мен Тайынша қалаларынан оңтүстіктегі Сарыағаш пен Қазығұртқа дейін, шығыстағы Үржар мен Зайсаннан батыстағы Форт-Шевченко мен Бейнеуге дейін еліміздің барлық өңірін қамтыды.
Жобаның басты мақсаты – ауыл тұрғындарының пікірін тікелей тыңдау. Басқосу қорытындысы бойынша командалар 2 мыңнан астам ұсыныс пен аманат жинады. Партия оларды жүйелеп, бірыңғай тізімге енгізіп, алдағы жұмысында ескеруді жоспарлап отыр.
Тұрғындар жиі көтерген мәселелердің қатарында жұмыспен қамту және шағын кәсіпкерлікті дамыту, инженерлік және әлеуметтік инфрақұрылымның жай-күйі, елді мекендерді газдандыру, мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігі, сондай-ақ ауылдық аумақтардың ірі көлік және инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыруға қатысу бар.
Тұрғындар жаңа жұмыс орындарын ашуға, ауыл жастарының болашағына, ауыл кәсіпкерлігін дамытуға, борыш жүктемесін азайтуға және қаржылық сауаттылықты арттыруға да ерекше назар аударды.
Жамбыл облысында мобильді керуен жұмысына «Әділет» партиясының төрағасы Айбек Дәдебай да қосылды. Ол кандидаттармен бірге Нұрлыкент ауылының тұрғындарымен кездесіп, жұмыспен қамту, кәсіпкерлікті қолдау және ауыл тұрғындарының табысын арттыру мәселелерін талқылады.
Жиналған ұсыныстарға жүргізілген алдын ала талдау олардың елеулі бөлігі Қазақстан ауылдарын дамытудың жүйелі мәселелеріне қатысты екенін көрсетті. Бұл бағыттағы тиісті шешімдер «Әділетті болашақ үшін» партиясының сайлауалды бағдарламасында ауылдық аумақтарды дамытуға арналған жеке бөлімде қарастырылған.
«Әділетті Қазақстан үшін» жобасы партияның сайлауалды науқаны аясындағы ірі көшпелі форматтардың біріне айналды. Жоба кандидаттарға шалғай елдімекендердің тұрғындарымен кездесіп, алдағы жұмысты талап ететін мәселелерді тікелей тыңдап, нақты ұсыныстар ретінде тіркеуге мүмкіндік берді.
Дайындаған:
«Әділет» партиясының баспасөз қызметі.
«Әділет» партиясы» ҚБ сайлау қорының қаражаты есебінен төленді.
Тапсырыс беруші: Н. Т. Мыңжасаров.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







