Мәнерлеп сырғанаудан 2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоров Құрылтай депутаттарын сайлауға қатысып, өз таңдауын жасады. Қазақстан спортының жаңа буынын танытып жүрген спортшы Алматының Самал-2 шағынауданындағы №382 сайлау учаскесінде дауыс берді, – деп жазады Ertenmedia.kz.
Михаил Шайдоров үшін биылғы жыл ерекше табыспен есте қалды. Ол қысқы Олимпиада ойындарында алтын медаль жеңіп алып, спорттық мансабындағы ең биік белесті бағындырды.
Олимпиада тұғырының ең жоғары сатысына көтерілген қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы ел туын халықаралық аренада желбіретіп, жанкүйерлердің зор қолдауына ие болды. Осы жетістік оны Қазақстан спортының ең жарқын өкілдерінің біріне айналдырды.
МЫНАНЫ ДА ОҚИ КЕТІҢІЗЖастарға үлгі болған қадам: Run club мүшелері азаматтық белсенділік танытты«Құрылтай сайлауы жоғары деңгейде өтіп жатыр»: Тәжікстаннан келген халықаралық байқаушыҚазақстан жаңа стандарт қалыптастырып отыр: Армениядан келген халықаралық бақылаушылар дауыс беру барысын жоғары бағалады
Бүгін Михаил Шайдоров сайлау учаскесіне келіп, азаматтық құқығын пайдаланды. Оның дауыс беруі спорттағы жетістік пен қоғамдық өмірге белсенді қатысудың қатар жүретінін көрсеткен сәттердің бірі болды.
№382 сайлау учаскесіндегі Олимпиада чемпионының таңдауы жастардың да қоғамдық-саяси үдерістерге араласуына назар аудартты. Михаил Шайдоровтың сайлауға қатысуы жаңа буын өкілдерінің ел өміріндегі маңызды оқиғалардан тыс қалмайтынын аңғартты.
📌 Ertenmedia-ның Telegram арнасына жазылыңыз: қысқа әрі нұсқа, ең өзекті ақпарат осында!







